Жаңалықтар

Көркемсөз шебері – Құлпынай

Кеше Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академия­лық қазақ драма театрында елордалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл шебері-2018» көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті.

Бұл жолғы байқау тартымды болды. Үміткерлер қазақ әде­бие­­тіндегі шоқтығы биік ақын-­жазушылардың шығармаларын тыңдармандарға тамаша жеткізді. Олардың көркемсөзді оқығандағы дауыс мәнері мен тіл тазалығы көрерменді сүйсіндірді. Сахнада өздерін еркін ұстап, қойылған сұрақтарға да тиянақты жауап берді. Қысқасы, жастар жарысқа тас түйін дайындалып келген. Осы жолы жүлдегерлерді анықтау қазылар құрамына оңай тимеді. Бірақ бәйгенің аты – бәйге. Қашанда «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатыны кәдік. Соны­мен, сайыс қорытындысы бо­йын­ша бірінші орынды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Құлпынай Өмірбекова жеңіп алды. Екінші орынды аталған университеттің түлегі Абзал Орынбасаров иеленді. Үшінші орын қалалық әкімдіктің маманы Әсем Мырқайдароваға бұйырды. Жүлдегерлердің бәрі бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздік шыққан жеңімпаз республикалық көркемсөз шебері байқауына жолдама алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button