БілімЖаңалықтар

МЕРЕЙІ ӨСКЕН МӘДИ

Балалар арасында өткен «Memoriad Las-Vegas-2016» (WORLD KIDS CUP) халық­аралық олимпиадасының жеңімпазы, 27 елден келген қарсыластарынан алға шығып, дара көрінген дарынды бала Мәди Ердәулетті Астана қа­лалық Білім бас­қармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев құттықтап, оған планшет сыйлады.

intellect

Бүгінде Мәди Ердәулет елордадағы №54 мектеп-лицейінің 4-сыныбында оқиды. Өз қатарының алды атанған бала оқуға да жүйрік. Әсіресе, математика пәнінің күрделі есептеріне қамшы салдырмайды. Айта кетейік, биылғы «Memoriad-2016» халықаралық зияткерлік олимпиадасы Лас-Вегаста өтті. Мәди Ердәулет «Ментальді арифметика мегасы» бойынша ІІ республикалық олимпиадасының жеңімпазы атанып, өткен маусымда халық­аралық олимпиадаға жолдама ұтып алған болатын. Мәдимен бірге командада Алматыдан Марғұлан Байжақып (жалпы есепте 10-орында), Степногордан Әзиз Камелиден (21-ші) және Астанадан Далила Сақанов болды.
«Memoriad» есепті ойша шығару және жылдам оқу бойынша дүниежүзілік олимпиада саналады. Ол осындай жарыстарға арналған әлемдегі жалғыз білім сайысы десек болады. Әлемнің 148 елінде тіркелген. Олимпиада төрт жылда бір рет өтеді.
Сонымен, осындай жаһанның ең дарынды деген балалары бас қосқан білім бәйгесінен маңдайы жарқырап, қазақ баласының озып келуі – бөр­кімізді аспанға атып, қуанарлық жағ­дай. Алдағы таңда Мәдиге жаңа жеңіс­тер тілейміз!

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button