ЖаңалықтарМәдениет

ЖАСТАР ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАДЫ  

Кеше Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тілеп» қобыз сарайында Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – мұратым» жас ақындар мүшәйрасы мен «Азаттық үні» жыр-термешілер байқауы өтті.

????????????????????????????????????

– Биыл еліміздің егемендік алғанына 25 жыл толып отыр. Бұл – бәрімізге ортақ мереке. Тәуелсіздік тойын жас ақындарымыз, жыршыларымыз, термешілеріміз өз өнерімен асқақтатып, елдігімізді паш етеді, – деді шараны ашқан қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев.

Мүшәйра және байқауға шарт бойынша 16-30 жас аралығындағы үміткерлер қатысуға өтініш берді. Нәтижесінде 13 ақын іріктеуден өтіп, қорытынды кезеңге жолдама алды. Сахнаға шыққан олардың әрқайсысы тәуелсіздік туралы және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Ақындарды С. Сейфуллин мұражайының ғылыми қызметкері, әдебиеттанушы ғалым Ілияс Рысбекұлы, Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры Алмахан Мұхаметқалиқызы, «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты Асылзат Арыстанбек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин бағалады. Қорытындысында ақындардан Жұлдызай Ысқақ бірінші орынды иеленді. Сұлужан Таубалды мен біздің шамалауымызша осы мүшәйраның ең жас қатысушысы болған Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектептің 11 сынып оқушысы Елдос Әнкей екінші орыннан көрінді. Үшінші орын Тілек Тобықбаев пен Бекмұрат Өмірбекке берілді.

????????????????????????????????????

Жыр-терме сайысына қатысушыларға ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтының қазақ ақындары, жырау, шешендік өнер зертханасының жетекшісі, профессор Амандық Көмекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Клара Төленбаева қазылық етті. Бұл байқауда Нұрбек Сансызбаев бас жүлде алды. Екінші орын Феруза Оңталапқа, үшінші орын Рахат Бегасыловқа бұйырды. Сайыс қорытындысында жеңімпаздарға арнайы жүлделер мен дипломдар тапсырылды. Бұған қоса ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ     

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button