Жаңалықтар

МЕРЕКЕДЕ түрленер қала жайнап



e7e2f12c5de1dcfed85141a27096826a-small

Мамыр мерекелері қарсаңында қаланың барлық аудандары қайта безендіріледі. Қала көшелері мен алаңдарда, шағын бақтар мен саябақтарда люминесцентті жарық қойылған қақпалар орнатылып, декоративті паннолар мен шағын архитектуралық пішіндер пайда болады.

Сарыарқа ауданында жарық беру тіректері мен арнайы жасалған құрылымдарға тік және көлденең жалауларды орнату жоспарланған. Сондай-ақ, «Екі жауынгер» бағы мен Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш, қалалық алаң мен «Жас­тар» театрының алдындағы алаң да безендіріледі.
Есіл ауданында жиырма иллю­ми­нациялық жарық қақпа, Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарында, Сарайшық, Д.Қонаев, Достық, Сығанақ және басқа да көшелерде 530 бейне баған орнатылды.
Алматы ауданында Республика, Абылай хан және Тәуелсіздік даңғылдары, Ташенов, Байтұрсынов, Қошқарбаев және басқа көшелердегі бағандар бойына Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай мерекелік жалаушалар ілінеді. «Жерұйық» саябағының аумағында және Отан қорғаушылар алаңында әшекейлі паннолар қойылады.

Тұрмағанбет КЕНЖЕБАЕВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button