Сайлау - 2021

Мүмкіндігі шектеулі екенін сезінбеуі тиіс



Елордада Nur Otan партиясы атынан мәслихат депутаттығына үміткерлер Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында мүмкіндігі шектеулі спортшылармен жүздесті. Насихат жұмыстары аясында ұйымдастырылған кездесуде нұротандықтар аталмыш саладағы түйткілді мәселелерді талқылап, шешімін табуға уәде берді.

Жиынға қатысқан Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев, «Қазақстан футбол федерациясы» бас хатшысы Азамат Айтхожин, «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Смаилов спортшыларды көлікпен қамтамасыз ету және спорттық жабдықтардың қолжетімді болуына жағдай жасау жайына тоқталды.
– Қазақстанда жасалатын аяққа арналған протездер сапасы нашар. Бір жылға жетпей сынып кетеді. Германия, Жапония, Америкада өндірілетін протездермен жүгіруге болады. Ал бізде ондай атымен жоқ. Қазір спортшыларымыз отандық протездерді қолданады. Олар да далада серуендеп, жұрт қатарлы жүргісі келеді. Ал оған аяғындағы протезі шыдамайды. Сондықтан сапасының нашарлығы спортшыларымыздың мүмкіндігін шектеп отыр, – деді отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов.
– Аяқ-қол протездерінің сапасын айтып жатыр. Иә, дамыған елдерде шығарылып жатқан протездер сапасы жоғары. Менің ойымша, протез өндіретін 3 зауыт елімізге аздық етеді. Зауыттар санын арттыру қажет, сонда ғана өзара бәсеке пайда болады әрі өнімдерінің сапасы жоғарылайды. Бұл да ескерілетін дүние. Қаламызда паралимпиадалық спорт кешендері көбірек салынуы қажет. Себебі спортшыларымыз мүмкіндігі шектеулі екенін сезбеуі керек. Сол үшін оларға арнайы тынығатын, уақытты тиімді өткізуге арналған орталықтар салуымыз тиіс. Қоғамның толыққанды мүшесі ретінде жұмыс істеп, спортпен шұғылдануы қажет. Сонда ғана олардың жағдайы жақсарады, – деді «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Смаилов.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button