Жаңалықтар

Өрт сөндіру депосы ашылды



Елорданың Байқоңыр ауданында заманауи жабдықтармен жарақталған өрт сөндіру депосы ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды.

«Қалаға қажет әлеуметтік және басқа да нысандарды жүйелі түрде көбейтіп жатырмыз. Байқоңыр ауданында керек жабдықтармен жарақталған өрт сөндіру депосын аштық. Төрт қабатты ғимаратта өрт сөндірушілерге қажеттің барлығы бар. Депо шеберханамен, аккумулятор бөлмесімен, психологиялық жайлану бөлмесі бар спорт залымен, оқу кабинетімен, тұрғындарды инструктаждан өткізу бөлмесімен және т.б. жабдықталған» деп жазды қала басшысы.
Сонымен қатар, ТЖД қыз­меткерлерін Құтқарушылар күнімен құттықтаған қала әкімі биыл құтқарушыларға 10 машина алынғанын, жақында тағы 50 машина берілетінін жеткізді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button