Мәдениет

Қарымды қаламгерді еске алды

Ұлттық академиялық кітапханада жазушы-журналист, ғалым-ұстаз, ҚР Ақпарат ісінің үздігі, ҚР мәдениет қайраткері Қуандық Шамақайұлын еске алу кеші өтті. Сонымен қатар қаламгердің «Дәуір» баспасынан шыққан «Шөлейт жақта», «Менің сатып алған күйеуім» атты кітаптарының тұсауы кесілді. Кешке белігілі ақын-жазушылар, марқұмның отбасы, туған-туыстарымен қоса шәкірттері де қатысты.

Қуандық Шамақайұлы – Моңғолияда туып-өскен, Ұланбатырдағы Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистік жоғары білім алған жазушы. Еліміздегі бірнеше жетекші университеттерде шәкірт тәрбиелеп, астанадағы газет-журналдарда қызмет етті. Оның қаламынан туған сатиралық шығармалар мен лирикалық әңгімелер қазақ оқырмандарынан қызу қолдау тауып келеді. Сондай-ақ «20 ғасырдағы әлем журналистикасы», «Сөз бостандығының журналистикадағы орны», «Азат ойдың айнасы», «Демократиялық қоғамдағы баспасөз және ақпарат құралдары» атты монографиялары, Америка сапарынан жазған «Мен көрген Америка» жолжазбасы сынды жиырмадан аса еңбегі бүгінде ғылыми айналымға еніп, жоғарғы оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылуда.
Кеш соңында қаламгердің жары, журналист Айша ­Тұрмағамбетова алдағы уақытта жазушының 54-бетіне дейін жазып үлгерген, жарыққа шығуын қатты қалаған «Тұйғын» атты романын аяқтап, қалың оқырманға ұсынатынын айтты.

Наима
НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button