Басты ақпарат

ӨЗІ КЕМЕЛ ӨЗГЕНІ КЕМСІТПЕЙДІ

1eda3d82b3cd5f4aadb897a82d357d6a

Бейсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» мешітіне барып, барша мұсылмандарды қасиетті Құрбан Айт мерекесімен құттықтады.

«Бұл күні адамдар өкпе-реніштерін кешіріп, бір-біріне жақын бола түседі. Сондықтан, бұл мереке біріктіруші рөл атқарады. Біздің халқымыз тәуелсіздік алғаннан кейін Ислам дінімен қайта қауышты. Соның арқасында даму бағытындағы жолымызды жалғастыра отырып, бірлігіміз бен татулығымызды нығайттық» деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы қазіргі қиын-қыстау кезеңде туған қақтығыстардың негізгі себептеріне де тоқталды: «Бұлар – ең бірінші, жер аумағына байланысты даулар. Біз осындай дау тумас үшін көрші елдермен уағдаласу арқылы шекарамызды бекіттік. Екіншісі – этносаралық қақтығыстар. Өз ұлтын өзгеден жоғары санау – аса үлкен күнә. Біз Қазақстанда көп ұлтты халықтың бірлігін қамтамасыз еттік. Этникалық тегіне қарамастан, барлық ұлтты құрметтей отырып, елдегі тұрақтылықты нығайттық. Үшіншісі – бүгінде бүкіл әлемде болып жатқан дінаралық қақтығыстар. Еліміздің мұсылмандары өз дінін ұстана отырып, өзгелерді құрметтейді. Соның негізінде біз халықтың бірлігі мен достығын қамтамасыз еттік. Сондықтан, халқымызды өз дінінде мейірімділік пен қайырымдылық жолын таңдауға және өскелең ұрпақты осы бағытта тәрбиелеуге шақырамын».
Айт мерекесінде елордадағы «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана» және Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешіттердің алдында киіз үйлер тігіліп, қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Роза ӘРЕН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button