Жаңалықтар

МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ЖҮРІП-ТҰРУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

IMG_4078

2015 жылы Астана қаласында 11 нысанды мүгедектерге арнап ыңғайластыру жоспарланған, оның сегізі «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша іске асуда.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі күні «Кедергісіз келешек» – «Будущее без барьеров» жобасы бойынша «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық бақылау және қадағалау тобының мүшелері Астана қаласы әкімдігі «Шапағат», «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығында» болды. Топ құрамында қалалық мәслихат депутаты Қ.Құлмұқанов, «ДОС» «Тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілі К.Тынабеков, Астана қаласындағы «Қазақ соқырлар қоғамының» реабилитологы С.Ержанова, партияның қалалық филиалының өкілдері және Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісінің орынбасары О.Демушкан, Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жетекшісінің орынбасары М.Даланбековалар аталған нысанға бақылау жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдаймен танысты. Айта кететін жайт, медицина орталығында жүргізілген жұмыстар мүмкіндігі шектеулі жандардың келіп-кетуі үшін бар жағдайлар жасалған. Түрлі айырым белгілері мен төтен жағдайда шақыратын дабыл кнопкалары орнатылып, барлық деңгейдегі мүгедектердің жай-күйі қарастырылған.

Қоғамдық топ бұдан әрмен де мүгедектерге ыңғайластырылып жасалуы тиіс барлық нысандарды аралап, жергілікті атқарушы билік органдарына тиісті ұсыныстарды жіберетін болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button