Жаңалықтар
Президент алғысын табыстады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халықаралық әйелдер мерекесіне орай елордамыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-рухани дамуына айтулы үлес қосып жүрген бірқатар нәзік жандарды қабылдап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.
[smartslider3 slider=2350]
Мемлекет басшысы атынан алғыс алғандар қатарында қоғам және мәдениет қайраткерлері Оразкүл Асанғазы, Сәуле Мешітбаева, Жанат Әскербекқызы және басқа да салаларда табысты еңбек етіп жүрген белгілі адамдар болды. Қала басшысы Президент алғысына бөленген елордалық белсенді жандарға зор денсаулық, еңбектеріне жеміс тіледі.