Жаңалықтар

ҚАЗАҚ КИНОСЫН ҚЫЗЫҒЫП КӨРДІ



1338267538_zhau-zhurek

Мәскеудегі Астана күндері аясында  20 қыркүйекте «Космос» киноконцерт залында отандық көрермендердің зор алғысына бөленген «Жаужүрек мың бала» фильмі көрсетілді.

Мәдени шараның ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

– Мәскеуде Астананың мәдени күндері табысты өтуде. Шара аясында бірнеше бағдарламалар жоспарланған. Мақсатымызда – екі қала арасындағы рухани, мәдени байланысты нығайтып, одан әрі дамыта беру.  Бүгін сіздерге соңғы жылдары түсірліп, халқымыздың ыстық ықыласына бөленген екі көркем туындыны алып келдік. Онда біздің еліміздің терең тарихы бейнеленген. Талай зобалаңды көрген жұртымыздың басынан кешкен оқиға кино тілінде сипатталады. Одан сан ғасыр бойы сақталып келе жатқан бай асыл мұрамыз бен салт-дәстүрімізді тамашалай аласыз. Ұлтымыздың қайсарлығын көресіз.  Сондықтан да келген көрермендерге ризашлығымды білдіремін,- деді ол.

Әрине, соңғы жылдары отандық кино дегенде алдымен ауызмызға талантты режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмі келеді. Ол 65 Кан фестиваліне қатысқан. Көптеген кино мамандарының көркем туынды туралы пайымды пікір білдірген. Қазақстандық көрермендердің де берген бағасы жоғары. Кино да халқымыздың қиын-қыстау шақтағы өр рухы ерекше суреттелген.

Ал одан бір күн бұрын көрнекті режиссер Сатыбалды Нарымбетов түсірген «Аманат» фильмі ресейліктерге жол тарқан еді. Онда халқымыздың ардақты перзенті, алғаш тарих ғылымдарының докторы атанған Ермұхан Бекмахановтың қиын тағдыры бейнеленген. Қазақтың соңғы ханы Кенесары туралы ғылыми еңбек жазып, артынша сол үшін қудаланып, 25 жылға бас бостандығынан айырылып, бар бейнет пен тар азапты бастан кешкен көрнекті тұлғаның өмірін кинода шерлі әсерге толы толғаныста өрілген.

Мәскеуліктер екі киноны да қызығып тамашалады.  Кинодан кейін де өз пікірлерімен бөлісті. Қазақтың терең тарихымен танысқандарын жеткізді. Қысқасы, көне қала тұрғындары қазақстандық кинематографтардың көркем туындыларына дән риза болды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ
                                                                                                              Мәскеу қаласынан




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button