Жаңалықтар

Қазақстан брендін қалай танытамыз?



Қазақстанды шетелдік туристер тануы үшін не істеу керек? Ел брендін қалайша ұтымды қалыптастыруға болады? Саяхатқа қатысты сапалы контентті жасауда медиа өкілдері қандай тәсілдерді қолданғаны жөн? Бұл сұрақтар кеше Астанада өткен «Travel Media Talks» халықаралық форумы аясында талқыланды.

Жиын барысында сөз алған ұлыбританиялық журналист әрі креативті продюсер Риз Хан Қазақстан брендінің дүние жүзінде әлі онша танымал еместігін айтты:
– Әдетте мен Қазақстан жайлы әңгіме айта бастасам, менен адамдардың сұрайтын ең бірінші сұрағы – «Ол қауіпсіз ел ме?». Өйткені, Ауғанстан, Пәкістан сияқты мемлекеттердің әсерінен олар «-стан» деген жұрнағы бар елдердің барлығын қауіпті деп санайды. Бірақ сіздер осы жұрнақты өздеріңіздің пайдаларыңыз­ға жаратсаңыздар болады. Мәселен, #Explorestan деген туристік бренд қалыптастырып, өз елдеріңізді насихаттасаңыздар тамаша емес пе?! – деген ол осы атаудың түрлі салалардағы суббрендін де ойластыруды ұсынды. Мысалы, қазақтың табиғатын #naturestan, ондағы саяхатшылардың мүмкіндіктерін #adventurestan, мәдениетін #nomadistan секілді хэштегтермен сипаттау Қазақстан туралы ақпараттың мейлінше кеңінен таралуына ықпал ететінін жеткізді.
Ал Қырғызстаннан келген қонақ, сол елдегі Айкур Федерациясының президенті Мақсат Чакиевтің ойынша, Қазақстан үшін Жібек Жолы брендін иелену ең сәтті қадам болар еді.
Форум аясында «Astana Convention Bureu» ұйымының директоры Санияр Әйтекенов, «The Steppe» медиа-жобасының негізін қалаушы Зәуре Розмат, «Community» халықаралық басылымының шеф-редакторы Татьяна Люлька сынды спикерлер де сөз сөйлеп, Қазақстандағы туризмді ілгерілетудің жолдары жөніндегі пікірлерімен бөлісті.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button