Ел тынысы

Қазынаға 1 трлн теңге қайтарылды

Елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару басталғалы бері 1 трлн теңге қазынаға қайтарылған.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне қарайтын Ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Инкар Елубай хабарлаған соңғы деректерге сәйкес, 2 мыңнан астам азамат қазынаға жақын арада 2,967 млрд теңге қайтаруы керек. Алайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлі де офшорларда 45 млрд доллар қаржы жасырылғанын мәлімдеді. Жалпы заңсыз активтерді қайтару науқаны 2023 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы Заңға қол қойған сәтінен басталды. Президенттің Жарлығымен өткен жылдың 5 қазанында Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылып, бұл құрылым активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган деп бекітілді.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button