Шаһар шежіресі

Тыңгерлерді биімен баураған

Шешен халқының аяулы перзенті, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, атақты биші, хореограф, балетмейстер, актер Махмуд Эсамбаев ­Ақмола өңіріне үш мәрте келіп өнер көрсеткен. Қазақстанды өзінің ­екінші отаны санаған биші балалық шағында Ақмола облысының ­Макинка ауылына жер аударылып келген туған-туыстарын көп сағалаған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында шыңдалған.

Махмуд Эсамбаев 1969 жылы 15 маусымда Тың игерушілер сарайында би билеп, құрметті қонақтар кітабына «Әсем сарайда өнер көрсеткеніме қуаныштымын, сіздердің қалаға қайта-қайта келіп, ғажайып сарайда би билеуге тырысамын» деп өзінің жылы лебізін қалдырыпты. Биші уәдесінде тұрды. Ол 1982 жылы 17-19 желтоқсанда Целиноград қаласына шығармашылық сапармен келіп, өнер сүйер шаһар тұрғындарына тағы да әсем биімен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Суретте Махмуд Эсам­баев тау халқының биін билеп тұрған сәті.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button