Жаңалықтар
«Құмайлар» жыры
(М.Шахановтың ізімен)
Өліп-өшіп өң түгіл, түсімде мен,
Супермаркет өнімін ішіп-жегем.
Жалақыға күн көрген шақтарымда
Қарын мен бет бұлайша ісінбеген.
Қайырмасы:
Жасырмадым
Шет елге қашу қамын.
Қоғамыңның қоржынынан
Қаржыны рас ұрладым.
Тиынды пара қылмаймыз.
Теңгеден танатындаймыз.
Долларды көп тауып,
Кетсек те сотталып,
Жететін байлық бар болашаққа.
.
Жай жүргіміз келмеді ел сияқты,
Ел сияқты, үлесі кем сияқты.
Пайдалары «пәленбай теңге» деген –
Тауықтарға шашылған жем сияқты.
Қайырмасы:
Әлсіздіктің бастауын сенен көрдім!
Сенен көрдім, оу, финпол, өлерменім!
Ең «кедейін» ұстасаң, мәз боласың,
Желкесінен шыққанша жегендердің…
Қайырмасы:
Еркеғали БЕЙСЕНОВ