Басты ақпаратЕлорда тынысы

Қыс қаһарына мінді

«Қазгидромет» ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері еліміздің солтүстік өңірінде
-38 -40 градус аяз болатыны болжанып отыр. Демек, қыс қаһарына мінгелі тұр.

Астанада коммуналдық қызметтер қардың көп жаууына байланысты тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Кеше таңертең қала көшелерінің қарын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшы мен 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Ең алдымен, орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын орындар, аялдамалар мен тротуарлар тазалануда.

Соңғы екі күнде елордада күн суытып, ауа райының нашарлауына байланысты қатты мұзтайғақ болып, қаланың травматологиялық пункттеріне түсетін тұрғындар саны артты. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін көктайғақтан құлап, 300-ден астам адам медициналық қыз­меттер көмегіне жүгінген. Осыған орай травматологиялық пункт дәрігерлері аурухананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бүгінде №4, 5, 6, 7, 9 10 қалалық емханаларында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін балаларға 4-санаттағы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері тынбай еңбек етуде. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада көктайғақтан 120-ға жуық жол-көлік оқиғасы болған. Астанада көктайғақты болдырмас үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себілуде. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button