Басты ақпаратЕлорда тынысы

Қыс қызығы – сырғанақ…

Арқаның қысы да әсем. Әсіресе каникул кезінде демалыстағы балалар үшін сырғанақ, коньки теуіп, шаңғы ойнаудан өткен қызық жоқ. Бас қаланың барлық өңірінде сырғанақ орындары ашылып, балалардың көңіл көтеруіне барлық мүмкіндік жасалған. Бас қаланың бораны қатты, аязы күшті болғанымен, қысы қызықсыз емес. Қар жауып, аяз буған кезден бастап қалаға қарасты аудандарда қыс қызығына дайындық басталады.

Биыл қаладағы аудандардың барлығында, саябақтар мен орталықтарда, сондай-ақ «Теміржолшылар», «Күйгенжар» тұрғын үй алаптары сынды қала шетіндегі елді мекендерге дейін мұз қалашықтары салынып, сырғанақ тебетін орындар әзірленді. Қала тұрғындарының алысқа бармай-ақ қала ішінде отбасымен серуендеп, сырғанақ теуіп көңіл көтеруіне қолайлы жағдай жасалды.

Дей тұрғанмен, соңғы күндері Астанада аяз қайтып, күн жылына бастады. Бұл өзен бетіндегі мұз қабаттарының ойылып кету қаупін күшейтті. Оқыс жағдайдың алдын алу үшін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Барыс» спорт кешенінің бойындағы су айдындарында коньки тебуге тыйым салды

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button