Жаңалықтар

Рахмадиевтің аты берілді



Қазақ ұлттық өнер университеті екінші корпусының үлкен залына КСРО халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, көрнекті композитор Еркеғали Рахмадиевтің аты берілді.Әйгілі композитор біраз жыл осы оқу орнының «Композиция» кафедрасының профессоры болған. Салтанатты шара басында Қазақстанның халық әртісі, осы университет ректоры, профессор Айман Мұсақожаева Еркеғали Рахмадиевтің қазақстандық музыка мәдениетіне қосқан мол үлесін атап өтті. Шараға қатысқан композитордың жары Клара Смағұл­қызы мен қызы Найля ­Рахмадиева университет ұжымына алғыс­тарын айтып, шығармашылық табыстарды тіледі. Шара Еркеғали Рахмадиевтің шығармаларынан концертке ұласты.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button