Жаңалықтар

РЕЦЕПТ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ



Елордалық емделушілер ендігі уақытта дәрігерлерден рецепт алу үшін кабинет жағалап, кезек күтпейтін болады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ми­нистрлігі осы жүйені оңтай­ландыратын болды. 

Аталмыш ведомство басшысы Тамара Дүйсенованың айтуынша, келесі айдан бастап Астанада пациенттерге арналған рецепттер алудың автоматтандырылған жүйесі пилоттық режимде енгізілмек.
– Біздегі проблемалардың бірі – рецепт алу. Сол бойынша адам әуелі медбикеге барады, медбике оны учаскелік дәрігерге, дәрігер бөлім меңгерушісіне жібереді. Пациент рецепт алам дегенше үш сатыдан өтіп, тек төртіншісінде ғана дәріханаға келеді. Біз ойластырып жатқан жаңа жоба азаматтардың уақытын үнемдеп, ауруханалардағы кезек санын қысқартуға көмектеседі, – деді министр.
Бүгінде автоматтандырылған жүйе дайын. Шілде айында ол Астана қаласы бойынша іске қосы­лады. Яғни, рецепт жазылып, дәрі­ханаға автоматты түрде түседі. Пациент дәріханаға барып, керекті медициналық препараттарын алады.
Толығырақ механизмді министр былайша түсіндірді:
– Алдымен науқастың белгілі бір диагнозы қойылған әлеуметтік келісім-шарт жасалады. Сонда қандай дәрі түрлерін және қалай қабылдау керектігі көрсетіледі. Бұл тұста медбике әлгі препараттың үш түрін жазып береді. Дәріханадағылар соның ішінен өздерінде барын таңдап, пациентке ұсынады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button