Қала мен Сала

Сәбилер көзіне ерекше ота жасалды

Астанадағы №2 көпбейінді қалалық аурухана базасында балалардағы витреоретинальды хирургия бойынша тұңғыш рет «Ерте витрэктомия» халықаралық шеберлік сабағы өтті. Ота белгілі халықаралық сарапшы, үнді дәрігері Нихил Палдың қатысуымен жасалды. Үш күн бойы әлемге танымал хирург қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, бүкіл әлемде «нәресте соқырлығының» басты себебі болған көздің торлы қабығының ауыр түріне шалдыққан шала туған балаларға ота жасап, ата-аналарға үміт сыйлады.

Бұл диагноз бойынша балалар көру қабілеті бұзылып туады және ол «Шала туған нәрестелердегі ретинопатия» деп аталады. Елімізде жыл сайын 22 мыңнан астам нәрестелер шала туады, олардың 4 мыңға жуығында ретинопатия салдарынан соқырлықтың даму қаупі жоғары болады.

– Қазіргі таңда біздің ауруханадағы қалалық көз микрохирургиясы орталығында ересектерге жоғары мамандандырылған оталар, атап айтқанда,  макулаға күрделі витреоретинальды оталар, диабеттік ретинопатия, торлы қабықтың тартылуы кезінде, қан кету кезінде субмакулярлық оталар жасалуда. Сондай-ақ гестациялық жасы 37 аптадан аз балаларға, яғни шала туған балаларға медициналық көмек және күтім көрсетіледі. Балаларды жедел емдеу және күту үшін барлық қажетті жабдықтар мен мамандары бар акушерлік блоктың және қалалық көз микрохирургиясы орталығының болуы елордада медициналық туризмді дамыта отырып, Қазақстан мен таяу шет елдердің балаларына көмек көрсетуге мүмкіндік береді, – деді аурухана директоры Нұрбол Тұрсынов.

Осы отаны тегін жасатуға Алматыдан арнайы келген 7 айлық Арнурдың анасы енді шетелге барудың қажеті жоқ екенін айтып қуанды.

Мастер-класты galamat Group медициналық технологияларды енгізу және әзірлеу жөніндегі қазақстандық холдинг, «Ayala» қайырымдылық қоры және «Мейірімділік» еріктілер қоғамы» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button