ЖаңалықтарМәдениет

СӘН МЕН СҰЛУЛЫҚ

Елордада алдағы 2-6 қараша күндері Бейбітшілік және келісім сарайында Астана қаласы әкімдігі, Пьер Кардэн сән үйі және «Іңкәр сезім» этно-студия» қоғамдық қорының қолдауымен «World beauty-2016» сән және сұлулық фестивалінің гранд финалы өтеді.

s2n

Айтулы шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйымдас­тырылып отыр. Жалпы, атал­ған фестиваль 2006 жылы Америка Құрама Штаттарынан бастау алған. Содан бері әлемнің көптеген елдерінде өткізілген. Байқауға 6 мен 28 жас аралығындағы таланттылар қатысады. Олар сән әлемі, дизайн, музыка және хореография аталымдары бойынша бақ сынайды. Фес­тивальге өздерінің елдерінде өткен байқаудан топ жарған 100-ден астам дарындылар қатысады деп жоспарлануда. Әрине, оның ішінде біздің жерлестеріміз де бар.
Ал марапаттау рәсімі 5 қарашада өтеді. Қатысу­шы­лардың өнерін отандық және ресейлік сән үйлерінің жетек­шілері мен белгілі, танымал тұлғалар бағалайды. Фестиваль тек сайыстан ғана тұрмайды. Онда талғампаз жандарға соңғы сән үлгілері ұсынылады.
«Әлемдік байқаудан сән әлеміне арналған тосын сыйларды күтіп отырмыз. Бізді дүниежүзінің әр түкпірінен келген дизайнерлер таңдай қақтырады деп ойлаймын. Әрине, көрменің ауқымы тек біздің елмен шектелмейді, шара кезінде сіздер әлемдік сән өнерінің жаңа ағымдарымен таныс боласыздар. Сондықтан айтулы шараны құр жіберіп алмай, келіңіздер» дейді «Іңкәр сезім» этно-студиясының басшысы Гүлнәр Жүнісова.
Сән және сұлулық фестивалі өткен жылы Вьетнамда болған. Биыл бұл мәртебеге Қазақстан қол жеткізді. Бір айта кетерлігі, биылғы байқаудың гранд финалын өткізуге Ресей, Италия, Нью-Йорк өтініш берген. Алайда еліміздің бас қаласы әлемдік шараны қабылдауға лайық деп танылған.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button