ЖаңалықтарҚоғам

ҰЛАНДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Елорда тұрғындары Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда болашақ сарбаздарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салды.

kbb_0018

«Қарулы Күштер қатарында Отан алдындағы борышын өтеу мақсатында аттанып бара жатқан жастарды шығарып салу рәсімі Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Осы бір мерейтойлы дата қарсаңында бір топ астаналықтарды Конс­титуциялық борышын өтеуге шығарып салып отырмыз. Өздеріңіз байқап отырғандай, бұл болашақ сарбаздар – барлық сынақтар мен талаптарға сай келетін, әртүрлі деңгейдегі медициналық сынақтардан сүрінбей өтіп отырған жастар. Бір жылдың ішінде олар жан-жақты әскери дайындықтан өтіп, Отан қорғайтын нағыз азаматтар болып шығады деп сенемін» деп атап өтті Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин салтанатты шарада.
«Қазақстанның әр аза­ма­­ты­ның борышы – ел қор­ғау!» деген атаумен өт­кен шараға студент жастар, мек­теп оқу­шылары, әскери-пат­риот­тық клубтар мен үйір­мелердің тәр­биеле­нушілері, сондай-ақ шақырылушылардың ата-аналары қатысты. Бас-аяғы 4 000-нан аса адам қатысқан шара барысында қонақтар назарына құрмет қарауылы ротасының дефилесі арнайы қойылым ұсынып, концерттік бағдарлама көрсетілді.
«Мұндай шаралар ҚР Қарулы Күштерінің имиджін көтеру және жас буынның әскерге деген құрметі мен қызы­ғу­шылығын ояту бағытында ұйымдастырылып отыр. Аза­маттардың мерзімді әскери қызметке шақырылуының күзгі шақырылымы елімізде 1 қазанда бастау алғанын білесіздер. Соның алғашқы легі ретінде елордамыз Астанадан 72 жас сарбаз аттанып бара жатыр. Оның 50-і Аэро-ұтқыр әскери бөлімдер қатарына жіберіліп отырса, тағы 22 жас еліміздің Мемлекеттік күзет қызметі әскери бөлімін толықтырғалы отыр» дейді Астана қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Ғани Артықов.
Салтанатты шара соңында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы К-үштері Бас штабының басшысы Мұрат Майкеев құттықтау сөз сөйлеп, жас сарбаздарға ақ жол тіледі.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button