Шаһар шежіресі
«Сапаржай» автовокзалы
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2022/04/whatsapp-image-2022-04-19-at-11.40.16.jpg)
Ақмола қаласының бұрынғы автовокзалы пайдалануға 1972 жылы беріліп, 1994 жылы ғимарат кеңейтіліп, қайта жаңартылды. Ол кезде мұнда көбіне облыстың аудандары мен ауылдарына және қала маңына қатынайтын автобустар бағдарларына қызмет көрсетілетін.
[smartslider3 slider=2761]
Кейін шаһар Астана мәртебесін алғасын автовокзал түбегейлі жаңартылып, «Сапаржай» деген атауға ие болды. Сондай-ақ жаңа автовокзалда жолаушыларды мінгізу, түсіру аймақтары кеңейтілді. Бірнеше билет кассаларымен, күту залымен және жүк сақтайтын камералармен жабдықталды.
[smartslider3 slider=2762]
«Сапаржайдан» қазір Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Павлодар қалаларынан басқа 14 бағыт бойынша қалааралық автобустар қатынап, 41 рейске қызмет көрсетіледі.