Жаңалықтар

Серпін беретін серіктестік



Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Астанада ауқымды жобалар қолға алынғаны белгілі. Тоғыз концессиялық жобаның ішінде үш паркинг салу, екі автовокзал, төрт емхана, бес балабақша салу көзделген болатын.

70

–Бұдан бұрын Астана әкімдігінде бұл жобалар жергілікті кәсіпкерлердің назарына ұсынылып, жан-жақты таныстырылды. Қазіргі уақытта кейбір тараптармен нақты келіссөздер жүргізілуде. Негізінде бұл жобаларды іске асыру барысында, яғни нақты кірісер кезде тағы бір жүйелі жобаланады. Бірқатар бөлігіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бүгінде осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр, – дейді «Астана Innovations» АҚ мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Әлия Бикеева.
Оның айтуынша, Орынбор көшесіндегі Жоғары соттың жанында және Инвестициялар және даму министрлігі ғимараты маңындағы паркинг жобасына бірқатар бизнесмендер қызығушылық танытқан. Егер екі тарап та жобалар бойынша нақты келісімге келсе, қаланың осы аумақтарынан екі паркинг бой көтереді. Екеуі де жер асты болмақ. Жоспар бойынша олардың құрылысы 2017-2018 жылдары басталуы тиіс. Бұдан бөлек, «Мәскеу» бизнес орталығы жанынан үш қабатты паркинг салынады. Оның құрылысы да алдағы жылдарға жоспарланған. Әр паркингтің сыймдылығы орташа есеппен алғанда 500 автокөліктен жоғары болмақ. Ал қалған жобалар бойынша тиісті басқармалар әлеуетті құрылысшы компанияларды анықтау мақсатында арнайы байқау жариялап қойған.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button