Жаңалықтар

Шаттыққа толы шырша тойы



Жаңа жыл қарсаңында Астана әкімі Әсет Исекешевтің атынан жаңа жылдық шырша ұйым­дастырылды. Оқушылар сарайында өткізілген шаттыққа толы шырша тойына елордалық 300-ден астам бала қатысты. Оқу озаттары, жетім балалар, аз қамтылған отбасылардың балалары мен ерекше қажеттілігі бар бүлдіршіндер шақырылған ерекше кешке елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, балаларды құттықтады.

– Өткен жылға өкпе жоқ. Бұл жылы ЭКСПО ха­лық­аралық көрмесі Ас­танамыз­да дүркіреп өтті. Алдағы жылдан да күте­ріміз көп. Бас қаламыздың 20 жылдығын қарсы алғалы отыр­мыз. Жаңа жылда бар­лы­ғыңыздың армандарыңыз орындалсын! Әрбіріміздің үйі­мізде жа­ңа жылдық ғажайыптар орын алсын! Оқуда озат болып, еліміздің ертеңі деп сенер білімді азамат болыңыз­дар! – деді Ермек Әмірханұлы.
Интерактивті шоу-қойы­лымға балалар да араласып, барынша атсалысты. Өздері­нің сүйікті ертегі­лерінің кейіпкерлерімен қол ұстасып, шыршаны бірге айналған оқушыларға тосын сыйлар жасалды.
«Барлық оқушыларды келе жатқан Жаңа жыл ме­рекесі­мен құттықтағым келеді. Біз­дің балаларымыз оқуда озат, білімді екендіктерін жыл са­йын дәлелдеп келе жатыр. Биыл да 11 жыл қатарынан республика бойынша бірінші орынға табан тіредік. Барлық балалардың өмірі қуанышқа толы болып, бақытты ғұмыр кешуіне тілектеспін!» деген қалалық Білім бас­қар­масының басшысы Әнуар Жанғозин балалардың биылғы жетістіктерін саралап, келер жылы одан да үлкен жетістіктер күтетінін жеткізді.
Музыкалық қойылым ретінде ұсынылған шарада балалар әннен шашу шашып, би биледі. Мереке соңы «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында орналасқан «Нұр Әлем» сферасындағы экскурсиямен жалғасты.

Гүлжан РАХМАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button