Шілденің аптабынан сақтаныңыз!
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауа температурасының жоғарылауына байланысты сақтық шараларын қолдануға кеңес береді.
Жаздың аптабында күн өтіп, адам денсаулығы кенеттен нашарлауы мүмкін. Осындай кезде ең
бастысы ағзадағы су-тұз теңгерімін бақылап, сақтану керек. Оның тепе-теңдігін сақтау үшін минералды тұздар мен витаминдерге бай жеміс-жидекті жеген жөн.
Қатты ыстықта бас киімсіз жүрмеңіз, түрлі жаттығулар жасап, спортпен шұғылдануды азайтқан жөн. Аптапта шыжыған күннің астында қақталмай, көлеңкені тасалап, тым болмаса сулы сүлгімен жиі сүртінген жақсы.
Жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын адамдар осындай ыстықта дәрігерлердің нұсқауларын сақтауы тиіс. Уақытында тиісті дәрі-дәрмекті ішіп, артериялық гипертониямен ауыратындар әрдайым артериалды қысымды өлшеп, мөлшерін біліп отырған жөн.