Жаңалықтар

Smart Astana: Үш күн ішінде 500-ге жуық азамат әкімшілік айыппұл туралы ақпарат алды



Бұл туралы қалалық Ахуалдық орталық жұмысымен танысуға арналған пресс-тур барысында қаланы тұрақты дамыту орталығының ІТ- архитекторы Виталий Пустовойтенко мәлімдеді.

–    Бағдарлама тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Үш күн ішінде Smart Astana Bot телеграмм месенджеріне азаматтардан 10 мың сұраныс келген. Оның 500-ге жуығы әкімшілік айыппұл туралы ақпарат алды. Осыған байланысты бағдарламаның күшін арттыруды көздеп отырмыз. Бүгінде Bot бойынша екі түрлі қызмет түрін алуға болады. Ол – әкімшілік айыппұлдың бар-жоғын тексеру және өзінің емханасын табу. Алдағы уақытта ресурстың мүмкіндіктерін арттырып, жаңа қызмет түрлерімен толығатын болады, – дейді Виталий Пустовойтенко.

 

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button