Жаңалықтар

СОҒЫС КҮНДЕРІНЕН СЫР ШЕРТЕДІ



Сонау сұрапыл жылдары майдан даласында от пен оқтың арасында жүріп қолынан қаламын тастамаған жауынгерлер қаншама?! Олардың жазбалары сол қиын күн­дер­дің айнасы іспетті. Қаламын қанға малып, қолы қалт еткенде жазған күнделік кейінгі ұрпаққа құнды құжат болып қалды.

Біздің мектепте Ұлы Отан со­ғы­сының ардагері Қамбар Нұғы­манұлының өз қолымен жазған күнделігі сақтаулы. Күнделік 1942 жылы соғысқа аттанған күнінен бастап 1945 жылы аяқталғанға дейін жазылған. Бұл жәдігерді бүгінге дейін бойтұмардай сақтап жеткізген майдангердің інісі – Манаш ағамыз. «1942 жыл. Соғысқа аттанып барамын» деп басталатын қойын дәптер Қамбар атаның қанды қасапта өткізген күндерінен мол мағлұмат береді.

Қолжазбаның толық нұсқасы мек­тептегі тарихи өлкетану мұ­ра­жайында сақтаулы тұр.

Сабақ үстінде оқушыларға Екінші дүние жүзілік соғыс туралы түсіндіргенде осындай дүниелер тақырыпқа тұздық болады. Майдангер күнделігі соғыстың әр сәтінен сыр шертеді. Араға жетпіс жыл салып қолымызға тиген бұл қолжазба тарих үшін құнды екені сөзсіз.

 Гүлжан ЖҰМАБАЕВА,

тарих пәнінің мұғалімі




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button