Жаңалықтар

Субұрқақтар тоқтады



Астанада фонтан кешендерін қысқа дайындау жұмыстары басталды. Бір ай ішінде мамандар суды сорып алып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, фонтандарды арнайы каркаспен жауып қояды. Бас қалада барлығы 46 фонтан бар, соның ішінде 10-ы – Алматы, 20-сы – Есіл, 14-і – Сарыарқа, 2-уі Байқоңыр ауданында орналасқан. «Астана-Сантехсервис-С» ЖШС директорының орынбасары Владислав Нагорновтың айтуынша, фонтандар жабылған соң, жуу-тазалау және жартылай жөндеу жұмыстары жүргізіледі.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button