Жаңалықтар

«Айқын» енді Астанада

Елордада жарық көретін қазақ тіліндегі мерзімді басылымдардың саны тағы бір газетпен толықты: Алматыдан «Айқын» газеті редакциясы көшіп келді.

«Айқын» – қазақ баспасөз айдынында соңғы 14 жылдан бері үздіксіз жарық көріп келе жатқан басылым. Бүгінде бұл газет аптасына 4 рет шығады.
2004 жылдың 6 наурызынан бері Серік Жанболат, Бауыржан Омарұлы секілді қазақ журналистикасындағы белгілі тұлғалар басқарған газеттің бүгінгі бас редакторы – талай жас журналистің тұсауын кес­кен Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұртөре Жүсіп.
2005 жылы Президент алғыс хатымен, 2006 жылы «Алтын жұлдыз», 2017 жылы «Үздік республикалық баспасөз басылымы» номинациясында «Үркер» ұлттық сыйлы­ғымен марапатталған басылым қазір де алған бағытынан таймай, саясат, экономика, әлеумет, мәдениет тақырыптарында өзекті мәселелер көтеріп, беделіне бедел қосып келеді. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа арқау болып келеді.
Кеше «Астана ақшамы» газеті ұжымы Алматыдан келіп жатқан «Айқын» редакция­сын жаңа қонысымен құттықтап, шашу шашып барды. Астаналықтар қатарына қосылған әріптестерімізге шығармашылық толайым табыс тілейміз!

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button