Жаңалықтар

Жаңа автобекет ашылды

Астанада «Нұрлы жол» темір­жол вокзалының жанынан жаңадан «Сапаржай-2» автобе­кеті ашылды.

Жаңа стансадан автобустар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Қызылорда, Алматы, Шымкент, Қорғалжын, Ерейментау, Көкшетау, Державинск бағыттары бойынша жүреді. Ал алғашқы рейс сейсенбі күні 07.40-та аттанады.
– Жаңа автобекет Астана әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр. Автобекетте 20 адам тәулік бойы ауыспалы кезеңмен жұмыс істейді. Жаңа бекет «Нұрлы жол» вокзалы секілді қызмет көрсетеді. 2019 жылдың екінші жартысына дейін барлық бағыт іске қосылатын болады, – дейді «Сапаржай-Астана» ЖШС директоры Жарқын Бекжанов. Айта кетер бір жайт, автостанса халыққа ыңғайлы болу мақсатында ашылғандықтан, қолданыстағы бағалардан айырмашылық болмайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button