Білім

ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН

Көкшетау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 735 оқушы бес күн бойы бәсекеге түсті. Олардың ішінде біздің балалар да бар. Астаналық ұл-қыздар қатарластарынан қалсын ба?! Алғырлықтарын дәлелдеп, жүлделі орындарды қоржынға көптеп тоғытты.

3892bb8408e5a0bc2251e2adae7

Сайыстың іріктеу кезеңдері күзде басталған-ды. Мектепішілік, қалалық, аудандық, облыстық деңгейдегі турларда ұзын саны 350 мыңға жуық оқушы бақ сынады. Ақтық жарысқа математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен оза шапқан шәкірттер өтті.
Кілең азулы қарсыластарды шаң қаптырып, алдыңғы қатардан көріну оңай шаруа емес. Әйтсе де, бас қаланың ұландары бұл асуды бағындырды. Бес алтын, он бір күміс және он алты қола медальді еншілеген елорда оқушылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынға табан тіреді. Осылайша жаратылыстану-политехникалық бағыттағы ең үздік топ атанды. Сонымен қатар, араларындағы екі шәкірт Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің грантын жеңіп алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button