#Жаңа Қазақстан

Тарихымыз түгенделіп, ұлттық рух көтеріледі



– Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында биыл өткен тарихымызды түгендеп, ұлттық рухымызды көтеретін жыл болатынын баса айтты. Мемлекет ұлттық тарихымызды түгендеу, тарихи әділдікті қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі ауқымды зерттеу жұмысы аяқталды.

Тарихшылардың есебінше, Ұлу жылы Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалау­ға негіз болған ұлыстың тарихына терең зерттеулер қолға алынады.

Президент Қасым-­Жомарт Тоқаев тарихи даталарды атап өту – той тойлауға емес, ұлттық сананы жаңғыртып, ұрпақ тәрбиелеуде ой қорыту керек екенін айтып жүр. Биыл Президент тапсырмасымен әзірленген Қазақстан тарихының көптомдығы жарық көреді. Бұл ауқымды жұмысқа 200-ден аса жергілікті, 60-тан аса шетелдік маман атсалысты.

Биыл қазақтан шыққан айтулы ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы, Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан ­Қошқарбаевтың 100 жылдығы тойланады.

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қазақ жерінде өтуі ұлттық спорттың мәртебесін көтеріп, Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің насихатын күшейтеді.

Жалпыұлттық диалог алаңы – Ұлттық құрылтай биыл көктемде өтеді. Онда ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, қоғамның жаңа құндылықтарын жаңғырту мәселелері талқыланады.

Шерзод ПУЛАТОВ, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстан халқы ассамблеясы республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button