Елорда тынысы

Теннистің дүбірлі додасы

Елімізде алғаш рет пара үстел теннисінен ITTF Factor 20 Astana Para Open 2024 халықаралық турнирінің жалауы желбіреді. Дүбірлі додаға әлемнің 19 елінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлім етті.

«Спорт саласында инклюзивті орта қалыптастырудың, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды түрлі сайысқа жұмылдырудың мәнісі де, жауапкершілігі де зор. Бұл – жеңіс пен нәтиже үшін күрес емес, азаматтарды біріктіру, олардың шекаралары мен мүмкіндіктерін кеңейту. Міне, Астана 3 күн бойы ең үздік үстел теннисі шеберлерінің жетістіктерін көрсететін алаңға айналды. Елімізде алғаш рет пара үстел теннисінен ITTF Factor 20 Astana Para Open 2024 халықаралық турнирі дүркіреп өтті. Осы турнирдің ашылу салтанатына қатысып, спортшыларға сәттілік тіледім. Жарысқа барлығы 19 елден 150-ге жуық спортшы қатысты. Осындай ауқымды жарыстың Қазақстан тарихында алғаш рет елордада өтуі біз үшін ерекше құрмет! Халықаралық пара үстел теннисі федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігіне ризашылығымызды білдіреміз!» деп жазды Е.Байкен әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button