ЖаңалықтарРухани жаңғыру

ТОҚСАНДАҒЫ ТАРЛАНДАР



Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінде биыл қазақ әдебиеттану ғылымның алыптары атанған, көзі тірі Серік Қирабаев және бүгінде өмірден өткен Тұрсынбек Кәкішұлы, Зейнолла Қабдолов, Рахманқұл Бердібай, Нығмет Ғабдуллин, Мүсілім Базарбаев секілді нар тұлғалардың торқалы тоқсан жылдықтарына арналған ғылыми-семинар өтті.

Жоғарыда айтылған ардақ­тылардың қай-қайсы да – қазақ руханиятына бір-бір уық болып қадалған тұлғалар. Олар екіншідүниежүзілік соғыстан соң, кейіндеп қал­ған қазақ әдебиеттану ғы­лы­мының тамырына қан жүгіртіп,  керегесін кеңейтіп, шырқау биікке көтерді. Саналы шәкірт тәрбиеледі. Биыл аталған оқу ордасында Серік Қирабаевтың 90 жылдығы дүбірлеп атап өтілді. Сонда абыз ақсақал ғылымдағы бірге жүрген достарын еске алып, тебіреніп сөйлеген еді. Өмір деген сол, өз ағынымен ағып жатады. Жоғарыда айтылған ардақ­тылардың қай-қайсы да – қазақ руханиятына бір-бір уық болып қадалған тұлғалар. Олар екіншідүниежүзілік соғыстан соң, кейіндеп қал­ған қазақ әдебиеттану ғы­лы­мының тамырына қан жүгіртіп,  керегесін кеңейтіп, шырқау биікке көтерді. Саналы шәкірт тәрбиеледі. Биыл аталған оқу ордасында Серік Қирабаевтың 90 жылдығы дүбірлеп атап өтілді. Сонда абыз ақсақал ғылымдағы бірге жүрген достарын еске алып, тебіреніп сөйлеген еді. Өмір деген сол, өз ағынымен ағып жатады. Семинарда академик Сейіт Қасқабасов: «М.Базарбаев – қазақ поэзиясындағы ұлттық дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін зерттеуші» атты баяндама оқыды. Профессор Дихан Қамзабек: «»Академик С.Қирабаев – қазақ әдебиеттануының абызы» деген тақырыпта салиқалы сөз сөйледі.  Ғалымдар Са­ғымбай Жұмағұлов: «Т.Кәкішұлы – қазақ әде­биеті сынының  тарихын қалыптастырушы», Болат Қорғанбек: «Р.Бердібай зерттеуіндегі қазақтың ауыз әдебиеті мәселелері», Қайыр­бек Кемеңгер: «Н.Ғаб­дуллин –әдебиетші, ұстаз» деп аталған бағыт бойынша баяндама жасады. Шараға студенттер де қа­тысып,  ғалым­дардың өнегелі өміріне қанығып, парасатты ой түйді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button