ЖаңалықтарРухани жаңғыру

100 жаңа есім анықталып жатыр

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дауыс беру 10 қарашада аяқталады.

Бұл жобада нақты адам­дардың тағдыры мен өмір­баяны арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Онлайн дауыс беруге ұсынылған 302 үміткер қызмет саласы бойынша алты санатқа бөлінген еді. Бүгінде олардың барлығы еліміздің 100 жаңа есімінің қатарынан көрінуге мүмкіндіктері бар. Дауыс беруге ұсынылған үміткерлер Астана мен Алматы қалаларын және еліміздің басқа аймақтарын қамтып отыр.
Әзірше Рио-де-Жанейро Паралимпиада ойындарының алтын жүлдегері Зүл­фия Ғабидуллина қазақ­с­тан­дық­тардың 2316 дауысын жинап, спорт саласында үз­дік­тердің көшін бастап тұр. Ал математика оқулығының авторы Татьяна Кучер 2533 дауыс жинап, ғылым саласында үздіктердің бірі болып тұр. Жобадағы мәдениет саласындағы ең көп дауыс жинағандардың бірі – композитор, пианиношы Рахат-Би Абдысағин (5035). Алайда бизнес саласындағы көшбасшының дауысы одан да көп. Мәселен, шымкенттік меценат Қайрат Молдасейітов үшін 7449 адам дауыс беріп, меценат кәсіпкерлердің қатарынан оқ бойы озық шықты. Ақ желеңді абзал жандардың ішінде Ләззат Айтқожина 3669 дауыс арқылы үздік үміткерлерді бастаса, қоғам белсендісі Белла Газдиева 5162 дауыс жинаған.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын іске асыру нәтижесінде Қазақстанның дамуына қомақты үлес қос­қан адамдардың өмірбаяны мысалында қоғамда меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культін насихаттау және дамыту арқылы қоғам санасын рухани жаң­ғырту көзделеді.
Еске сала кетейік, ұнаған кейіпкерлеріңізге 100esim.el.kz арқылы дауыс бере аласыздар.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button