ЖаңалықтарРухани жаңғыру

ҰЛТ МҮДДЕСІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа латын әліпби бойынша қоғам ұсыныстарын ұлттық комиссия ескеруі қажет деп есептейді.

Бұл туралы Сенат төр­ағасы өзінің Tуиттердегі парақшасында «Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет» деп жазды.


Оның пікірінше, Елбасы айтқандай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірі халық арасында тұ­тастай қолдау тауып, қоғам­ның қызу талқысына түсті. Оны жазбаның астына қал­дырылған комментарийлерден байқауға болады. Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, шоқайтанушы Әбдуақап Қара «Өте дұрыс, мың жасаңыз. Қажетті тү­зетулер жасалса қандай тамаша болар еді» деп пі­кір қалдырса, Qabzhan Shormanuly есімді қолданушы «асығыстық керек емес» дей келе, Сенат төрағасының пікірін қолдайтынын білдірді.
Ал Amanzhan AlshinQazaq деген әлеуметтік желі қол­данушысы Ахмет Бай­тұр­сын­ұлының «төте жазуы» деп аталған әліпби қазақ тілі үшін қолайлы екендігін, төл дыбыстарымызды сақтап қалатынын жеткізді.
Оның пікірінше, Елбасы айтқандай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button