Білім

Туған елін жырлады

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауы өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру бойынша «Жол картасын» іске асыру аясында ұйымдастырылды.

[smartslider3 slider=511]

Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, еліміздің тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен тәрбиелеу. Сонымен қатар еліне деген мақтаныш сезімін арттырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру және республикалық кезеңде Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайтын үздіктерді анықтау.
Алғашқы іріктеу кезеңге елордалық 92 мектептен 300 бала қатысты. Екінші кезеңге өткен 60 оқушыдан үздік шыққан 5 жеңімпаз республикалық кезеңде қала намысын қорғайды. Балаларды туған жерге деген сү­йіспеншілікпен, отансүйгіштікпен және еліне деген мақтаныш сезімімен тәрбиелеу – бүгінгі басты мәселе.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button