Мәдениет

Тұмар тәжі – тарихтың көзайымы

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ҚР Ұлттық музейінде белгілі зергер, Франц Бирбаум және Карл Фаберже 2-дәрежелі гауһар орденінің  иегері «ZergerIlyas» брендінің негізін қалаушы Ілияс Сүлейменовтың жаңа туындысы «Тұмар тәжі» көрмеге қойылды.   

тқмар тәж 2 (1)

– Тарихқа сүйеніп отырып мұндай бұйымдарды жасай білу әркімнің қолынан келе бермейді. Ол өз кезегінде терең білімді, көп жылдық тәжірибені қажет етеді. «Тұмар тәжін» мұқият бақылап қараған адам, көне тарихты көргендей болар еді. Оның басты құндылығы осында жатыр деп ойлаймын, – деп тарих ғылымдарының докторы археолог В.Зайберт бағалы бұйымның бағасын берді.

Қазақтың талантты зергерлерінің бір Ілияс Сүлейменовтың туындылары қазақтың тарихымен, ұлттық болмысымен үндесіп қазақы нақышымен көзге түседі.  «Бұл жай ғана тәж емес. Кешегі көне түркі халықтарының ұлы патшайымы Тұмардың батырлық бейнесіне негізделіп жасалған дүние.

– Осы уақытқа дейін менің жұмыстарым әлемнің көптеген елдерінде таныстырылды. Алайда өз Отаным бәрінен артық. Көп жылғы зерттеулердің нәтижесінде дайын болған екі жұмысыма да Алтын залының төрінен орын берілгеніне қуаныштымын, – деді зергер  Сүлейменов асыл бұйымдар  көрмесінің ашылу салтанатында.

А. УАЙСОВА, astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button