Қала тіршілігі

Мейрам қарсаңындағы қайырлы іс

Holidays___International_Womens_Day__Bouquet_of_red_roses_on_March_8_as_a_gift_060678_

Мереке күндері астаналықтар қайырымдылық шараларына қатысып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созады.

Наурыздың 6-сы мен 8-і аралығында «Astana Mall» ойын-сауық орталығында «Әйелдерге – гүл, балаларға – балмұздақ» жәрмеңкесі өтеді. Көрме күн сайын таңғы 10-да басталып, кешкі 9-ға дейін жалғасады. Онда жиналған қаржы тұрмысы төмен отбасыдан шыққан және сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге жұмсалады. Сауапты шара барысында қала тұрғындары шетелдік сарапшылардың шеберлік дәрістеріне қатыса алады. Сонымен қатар, бөбектерге арналған интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде 67 компания өз өнімін ұсынады.

Игілікті іс «Сарыарқа» ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта да өтеді. Аталған ғимарат маңында еріктілер елордалықтарға әдемі гүл шоқтарын сатады. Одан түскен қаражат науқас балаларды оңалту қондырғысына жұмсалады.

Бүгін сағат 10.30-да «Керуен» сауда орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар өздері жасаған қолөнер бұйымдарын жәрмеңкеге шығарады. Онда ағаштан ойылып, теріден тігілген ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен әшекейлер ұсынылады.

Ал ертең сағат 12-ден кешкі 5-ке дейін Республика даңғылы 33 А мекенжайында орналасқан «Бочонок» мейрамханасында айы-күні жетпей шала туған балаларға киім тоқиды. Дайындалған бұйымдар еліміздегі неонатология бөлімдеріне таратылады. Адамдар өздерімен бірге жіп пен біз ала келуі керек.

astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button