Басты ақпаратЖаңалықтар

Алтын құрсақ аналар ардақталды (ФОТО)

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Алматы ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бір топ көпбалалы ананы құрметке бөлеп, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын тапсырды.

ERM_9257

– Әлемдегі жақсылық атаулының бастауы – әйел. Әйел-ана қашан да отбасының берекесі, ынтымақ пен ырыстың ұйытқысы. Отбасының күнделікті шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқарып жүрген әйел-аналар біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауда шешуші рөл атқарып жатқаны ақиқат,  – дей келе, аудан басшысы  Астанадағы №72 орта мектепте өткен салтанатты шара барысында аталмыш ауданның демографиялық өсуіне атсалысып, бес және одан да көп бала өсіріп-тәрбиелегендері үшін алтын құрсақты аналарға ерекше ризашылығын білдірді.

ERM_9236

Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Жанар Асанова,  Қазбала Ғабдулина, Бақтыгүл Асылбекова сынды аналар «Алтын алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталып, көпбалалы 21 анаға аудан әкімінің атынан естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары ұсынылды.

ERM_9230

Сондай-ақ, бұған дейін «Алтын алқа» мемлекеттік наградасына ие болған 24 көпбалалы анаға аудан әкімі атынан «Алтын алқа иегерлері» атты естелік кітап пен гүл шоқтары табыс етілді. Олардың арасында он бала өсіріп-тәрбиелеген Каншайым Аханова, Гүлбағдат Жәкенова, Зейінжамал  Игілікова, Шолпан Нұркеева есімдері ерекше аталды.

Аталмыш мектеп оқушылары көпбалалы аналардың құрметіне жырдан шашу шашса, шаңырағында сәби әлдиін үзбеген аналар мемлекеттің осынау қамқорлығына зор ал­ғыс­тарын білдіріп, жергілікті басшылықтың жұмысына сәт­тілік тіледі.

ERM_9337

Г. ӨКЕШҚЫЗЫ, astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button