ӘлеуметБасты ақпарат

ТІЛСІЗ ЖАУҒА ТОСҚАУЫЛ (ФОТО)

Көктемгі су тасқынына дайындық шаралары бүкіл республика көлемінде жүргізілуде. Әзірлік жұмыстарынан Астана да тыс қалмады. Бейсенбі күні елордалық Төтенше жағдайлар департаменті командалық оқу-жаттығуларын өткізді.

– Биылғы шараға жеке құрамнан 114 кісі мен 34 техника жұмылдырылып отыр. Қаламыздың қызметтері кез келген уақытта шұғыл әрекет етуге даяр болулары тиіс, – деді Астана қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев.

Практикалық жаттығулар «Жағалау» шағын ауданында орналасқан №81 мектеп-гимназияның аумағында ұйымдастырылды. Онда жедел әрекет ететін авариялық-құтқару жасақтарының, азаматтық қорғаныс қызметінің, Төтенше жағдайлар мен Ішкі істер департаменттері бөлімшелерінің, Ұлттық гвардия сарбаздарының даярлығы тексерілді. Аталған құрылым өкілдері құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасауды, қар тазалау мен шығаруды, су тасқыны болған жерлерден суды сорып алуды көрсетіп, кәсіби қабілеттерін паш етті. Сондай-ақ, зардап шеккендер үшін жылыту мен тамақтандыру пунктерін ұйымдастыру, төтенше жағдай орнынан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, істен шыққан электр желілерін қалпына келтіру, адамдарды мұз құрсауынан құтқару сияқты жаттығуларды  орындады.

ERM_8330

ERM_8332

ERM_8350

ERM_8452

ERM_8377

ERM_8403

ERM_8510

ERM_8579

ERM_8562

ERM_8611

Б. МАРАТҚЫЗЫ, astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button