Басты ақпаратЕлорда тынысы

Тұрғыны көп қаланың көлігі де көбейеді

Жыл өткен сайын сәулеті мен дәулеті өркендеген елорданың тұрғындар саны да қарқынды артып келеді. Осы ретте қаланың көлік және жол инфрақұрылымын жетілдіру Астана әкімдігінің басымды бағыты болып отыр. 2014 жылдан бері елорданың автобус парктері 853 жаңа көлікпен толықты. Алдағы 2023 жылы қоғамдық көлік қатарына тағы 100 жаңа заманауи автобус қосылады. Сонымен қатар 2023-2024 жылдары қала көшелеріне 257 бағдаршам орнатылады.

Елордада тағы 257 бағдаршам ITS жүйесіне қосылады. Келесі жылы ITS -тің 3 кезеңі басталады. Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Елордада қоғамдық көлікті дамыту, жолдарды салу және жөндеу бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар» атты брифингте Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты.

– Біз ITS Интеллектуалды көлік жүйесін дамытуды жалғастырамыз. ITS көше-жол желісін түсіруде шешуші рөл атқарады. Бірыңғай платформа негізінде бағдаршам объектілерін басқарудың интеграцияланған жүйесі қарастырылған. 2014 жылы бірінші кезең құрылысы аяқталды. Содан кейін 42 бағдаршам ITS-ке бейімделген болатын, – деді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар Нұрлан Нұркенов 2019 жылы ITS объектілерінің саны 207 бағдаршамға дейін ұлғайтылғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұл қолданыстағы көше-жол желісінің жүктемесін біркелкі бөлуге және оның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берген.

2023-2024 жылдары ITS -тің 3 кезеңі жүзеге асырылады, оған 257 бағдаршам нысаны қамтылады.

Нұрлан Нұркенов «Жағалауға» жаңа маршрут қатынайтын да атап өтті. «Жағалауға жалпы саны 30 бірлік №56, 61 бағдарлар жүреді, олардың қозғалыс аралығы 8-ден 20 минутқа дейін. Алайда маршруттарда автобус­тардың желіден шығуы байқалады, бұл күту аралығын арттырып, қозғалыс кестесінің бұзылуына әкеледі. Осы маршруттардағы автобустарды 2 бірлікке ұлғайту жоспарлануда» деді ол. Сондай-ақ «Мамандандырылған ХҚКО» – «Т.Рысқұлов көшесі» аралығында №49 жаңа маршрут іске қосылады. Ол Ш.Айтматов көшесі, Қ.Мұхамедханов көшесі, Сығанақ көшесі, Тұран даңғылы, Хусейн бен Талал көшелерін қамтиды.

Астанада жылы аялдама салу жұмыс­тары алдағы жылдарда да жалғасын табады. 2022 жылы бас қалада 28 жылы аялдама салынған. «Елордада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылады. Сондықтан да жылы аялдамалар салу жобасы жалғасатын болады. 2015 жылдан бастап елордада жабық үлгідегі 164 аялдама павильоны орнатылды. Биыл тағы 28 жылы аялдама салынды» деді Нұрлан Нұркенов.

Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде, қазір жылы аялдамаларды электрмен жабдықтауға қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда елорданың барлық аудандарында жылы аялдамаларды қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмыс жоспарлануда және қазіргі уақытта 2023 жылға арналған аялдама павильондарын орнату бойынша атаулы бағдарлама әзірленіп жатыр, – деді ол.

Бүгінде елорда тұрғындарының тең жартысы қоғамдық көлікті пайдаланса, жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлеу тәсіліне жүз пайыз көшті. «Елорда автопаркін жаңарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, 2014 жылдан бастап 853 заманауи автобус сатып алынды. Қоршаған ортаның ластануын азайту мақсатында 2019 жылы 100 электробус сатып алынды. Елорда халқының қарқынды өсуіне байланысты жылжымалы құрамның тапшылығы, маршрутты күту аралығының ұлғаюы, көлік кептелісінің жоғары деңгейі, әсіресе қарбалас уақытта проблемалар байқалатыны жасырын емес. Осындай мәселелерді шешу үшін көлік кешенін тұрақты жаңғырту жүргізілуде. Биыл 3 жаңа бағыт іске қосылды (№43, 121, 327 маршруттар). Қолданыстағы маршруттар қозғалысының 27 схемасына оңтайландыру жүргізілді, 16 бірлік маршрутқа кестелер саны ұлғайтылды»  деді Н.Нұркенов.

Қоғамдық көліктің жүру уақытын қысқарту мақсатында 2 Bus Lane учаскесі (ұзындығы 4,3 км) енгізілді, 15 жаңа аялдама пункттері ұйымдастырылды. Сондай-ақ жеке автобус парктеріне 35 жаңа автобус сатып алынды.

– 2023 жылы автобус парктерін 100 бірлікке жаңарту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 300-ден астам автобусты жаңарту және толықтыру бойынша 3 әлеуетті инвестормен белсенді жұмыс жүргізілуде, – деді әкім орынбасары.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button