Басты ақпаратМәдениет

Үндістандағы ән кеші

Астана мемлекеттік филармониясының камералық хоры алғаш рет Үндістандағы халықаралық фестивальге қатысты.

Өнер ұжымының көркемдік жетекшісі Гүлмира Құттыбадамованың сөзінше, былтырға дейін оның үнді музыкасымен таныстығы Радж Капур мен Митхун Чакрабортидің орындауындағы әндермен шектелетін. Алайда бүкіл әлемге танымал композитор, скрипкашы
Л.Субраманьяммен кездесіп, ынтымақ орнатуынан кейін оның ойы өзгерген. «Субраманьям музыкасының өзіндік қасиеті мен ерекшелігі бар. Оның әуендері еркіндікке толы» дейді хордың көркемдік жетекшісі.

Үндістанда өткен Халық­аралық Лакшминараяна музыкалық фестивалінде (LGMF) 100-ге жуық музыкант өнер көрсетті. «Үнді музыкасының құдайы» саналатын Субраманьямның жетекшілігімен классикалық мелодиялардың попурриі шырқалды. Фестивальдің 33 жылдық тарихында тынбай өнер көрсетіп келе жатқан виртуоз скрипкашы музыканың мәдени және тілдік шекаралары жоқ екенін дәлелдеп келеді.

33-фестиваль Times Of India-мен бірігіп ұйымдастырылды. Биылғы фестиваль үнді-қазақ достастығына арналды. Орталық Азиядан барған симфониялық және хор оркестрі 13 қаңтарға дейін Үндістанның Бангалор, Майсору және Мумбай сияқты 4 қаласында өнер көрсетіп келеді. Делидегі кешке елдің Мәдениет министрі Минакши Лекхи, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елшілігі өкілдігі басшысының орынбасары Дархан Сейтенов қатысты.

Айта кетейік, Қазақстаннан келген хор ансамблі екі ішекті домбыра мен қобыз сияқты аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндерін орындады.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button