Мәдениет

Кітапхана сыйлаған шуақ

Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Мичурин кентіндегі №43 мектеп-қосымша білім орталығында «Тәрбие – тал бесіктен» іс-шарасы өтті. Кездесу қонағы тарихшы-этнолог Тұрар Сәттарқызы болды.   

Ата-аналар мен оқушылар, ұстаздар қауымы қатысқан жиында «Баршаңызға ой салсақ, көкіректеріңізге кішкентай болсын сәуле құйсақ, біздің мақсатымыздың орындалғаны» деген спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Кенттегі №10 көпшілік кітапханаға барды.

«Мыңдаған тұрғыны бар кент халқына рухани қызмет етіп отырған кітапхана аядай ғана екі бөлмеге орналасқан екен. Осыған қарамастан кітапхана қызметкерлері Әсел Омаш пен Роза Салметованы кітапхананы ұядай етіп ұстап, тұрғындарға рухани қызмет етіп отырған өз ісінің нағыз білгір мамандары, руханият жанашырлары деуге болады. «Кітап оқитын ұлтқа айналайық, мәдениетті ұлт болайық» деп ұрандатып жатамыз. Бірақ ауылдарда, қалалардың шеткері аймақтарындағы мәдени ошақтардың жағдайының лайықты болуына қашан назар аударып, сөзден іске көшеді екенбіз? Қанша жерден электронды кітапханалар қызметі жүйелі болғанымен, ешқашан дәстүрлі кітапханалар жұмысын алмастыра алмайды.

Кітапты қолыңа алып әрбір бетін парақтап оқудың өзі адамға қанша рухани әсер сыйлайды. Кітап оқу қоғамның мәдени деңгейін көтеріп, руханиятын арттыратынын ешқашан ұмытпайық» дейді Тұрар Сәттарқызы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button