Мәдениет

Ұлттық ұланның салтанаты

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Ұлттық ұланның құрылған күніне орай «Ұлттық ұлан – ел қорғаны» концерті өтті.

Кеште Ұлттық ұланның ән-би ансамблі мен үлгілі-көрсетімді оркестрінің өнерпаздары көрер­мендердің көңілін көтерді. «Жасай бер, ұландар» атты алғашқы композиция 32 жыл бойы қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етіп келе жатқан Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне арналды. Концертке танымал отандық әртістер мен өнер қайраткерлері де қатысты. Сахнада ұландықтармен бірге белгілі әнші Маржан Арапбаева да өнер көрсетті. Ансамбль солисі Денис Яковлев Ақан серінің «Балқадиша» әнін әуелетіп, кешке жиналғандарды тәнті етті.

Ішкі істер органдарының, басқа да құқық қорғау құрылымдарының ардагерлері құрметіне «Ардагерлер» композициясы орындалды. Ұлттық ұланның «Құрмет» қарауыл ротасының өнері ұсынылды. Концертті Естай Мұқашев, Ұлттық ұланның ән-би ансамблі мен үлгілі-көрсетімді оркестрі «Елдің қорғаны» әнімен аяқтады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button