Елорда тынысы

Ұлттық мереке мерейі

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов бір топ елордалықтарға Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды. Марапатталғандар арасында мұғалімдер, дәрігерлер, коммуналдық қызметкерлер және басқа саланың өкілдері болды.

«Ең басты құндылық – адами капитал. Әр адам елінің, қаласының қалыптасуы мен даму жолында өлшеусіз үлес қосады. Республика күні қарсаңында тұрғындарымызға «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, ҚР Құрмет грамоталары табысталды.

«Құрмет» орденімен педагогтар, дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері марапатталды. Олардың қатарында хирург-дәрігер В.Сон бар, ақ халатты маман бүгінге дейін жүздеген адамның өмірін аман алып қалған.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Астана-Энергия» машинисі Қ.Аупенов, «Астана-­Теплотранзит» слесарі ­Б.Жұмаділов, автопарк жүргізушісі Қ.Құлтаев және т.б. марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «№5 гимназия» КММ мұғалімі Л.Ассалауова, конькимен жүгіру спортының аға жаттықтырушысы В.Костин, медицина қызметкерлері және т.б. марапатталды» деп жазды Астана әкімі.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button