Басты ақпаратБілім

ҮЗДІК МҰҒАЛІМ АНЫҚТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» атты дәстүрлі тамыз кеңесі онлайн режимде өтті.

Дәстүрлі тамыз кеңесінің аясында 18-23 тамыз аралығында 43 секция өз жұмысын атқарды. Осы секция жұмысына барлық педагогтар білім саласының ең маңызды мәселелерін талқылап, өз іс-тәжірибелерімен кеңінен бөлісті. Білім басқармасы осы іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің бастауымен және білім саласының өкілдерімен өткен жылды қорытындылап, жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтарды талқылады. Жиын барысында алдағы оқу жылын кәсіби бағдарлау, ұстаздардың біліктілігін көтеру, білім сапасын арттыру, рухани-патриоттық тәрбие беру сияқты тақырыптарда баяндама оқылды.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиетті бо­йына дарытқан ұстаздардың еңбегі қашанда бағалы. Тамыз кеңесінде педагогтардың үздіктері анықталды. Қала әкімі өмір жолын білім саласына арнап, құрметті еңбек демалысына шығып жатқан білім беру мекемелерінің басшыларын құттықтап, білім сапасын арттыруға үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаздарды төсбелгілермен марапаттады.

Сонымен бірге «Үздік мұға­лім-­2021» қалалық байқауы өтті. Байқауға білім беру ұйымдарының 60 мұғалімі қатысып, ең лайықты орын алған мұғалімдерге ақшалай сертификаттар және 10 мұғалімге алғыс хат табысталды.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін тамыз кеңесі – алдағы жоспарларды бағдарлап, міндеттерді айқындайтын маңыз­ды жиын. Басты міндет – жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық, бәсекеге қабілетті болашақ қоғам иелерін тәрбиелеу.

Көктем ҚАРҚЫН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button