Басты ақпаратМәдениет

КОНСТИТУЦИЯ – БАЛАЛАР КӨЗІМЕН

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Конституция күніне арналған «Менің Отаным, менің құқығым» атты виртуалды көрме ұйымдастырды.

Конституция – халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың ке­піліне айналған құндылық. Осы орайда ұйымдастырылған көрме бейнелеу өнері үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында өткен сурет байқауының нәтижесі негізінде жүзеге асты. Көрменің мақсаты – балалардың бойындағы патриоттық сезімді дамыту, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. Аталмыш байқауға үздік деп танылған 20 сурет қабылданды. Тәрбиеленушілер өз суреттерінде тақырыпқа сай балалардың өмір сүру, білім алу, денсаулығын сақтау, демалу, даму сынды құқықтарын бейнелеп көрсетті.

Виртуалды көрме М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының әлеуметтік желілері мен ресми сайтында жарияланған болатын. Көрмеге қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button