Жаңалықтар

Веложарыс болады



Биыл жаппай веложарыс 5 шілдеде «Астана-Бәйтерек» монументі жанында басталмақ. Веложарыс кәсіби спортшылар мен қала тұрғындары арасында өткізіледі. 

Ол Ақмешіт көшесінен басталып, одан әрі Қонаев көшесіне бұрылады, содан кейін Көлік және коммуникация министрлігінің қысқа көшесіне қайырылады. Одан әрі Достық көшесін бойлап, «Нұр Астана» мешітінің жанынан өтеді. Бәйге Ақмешіт көшесінде аяқталады.

Жарыс аясында дәстүрлі түрде веложарыстың көремендері мен қонақтары арасында бағалы сыйлықтар ұтысы ойнатылады. Қазақстан Республикасының Велоспорт федерациясы басты жүлдеге велосипед пен «Астана» командасы көшбасшыларының қолтаңбалары бар футболка тігіледі.

Еркежан СӘТІМБЕК




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button